
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 24 ақпанда Көкпекті ауданында терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы Дархан Досембаев жетекшілік етті. Ауылдық округ әкімдері жиынға ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Күн тәртібінде Биғаш, К. Аухадиев, Үлкенбөкен ауылдық округі әкімдерінің есептері тыңдалды. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Рахымбаевтың және жергілікті полиция қызметінің басшысы Ж. Разаевтың баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, жастармен және «тәуекел топтарындағы» азаматтармен жеке жұмыс жүргізуді күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Көкпекті ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.