Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткіздім. Қабылдауға барлығы 4 азамат жазылып, әрқайсысының көтерген мәселесі мұқият тыңдалып, назарға алынды.

Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша сұрақтар қаралды:

  • қосымша білім беру мекемесінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту;

  • жер қатынастары мәселесі;

  • «Қаладан ауылға» жобасы аясында ауданға көшіп келу тәртібі;

  • тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі.

Әрбір көтерілген бағыт бойынша тиісті бөлім басшыларына заң аясында нақты қолдау көрсетіп, зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. Барлық өтініштер бақылауға алынды.

Халықпен ашық, тиімді әрі жүйелі диалог орнату – біздің жұмысымыздың басты ұстанымы. Тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтініші – ауданымыздың дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Біз әрқашан тұрғындардың мәселесін тыңдап, заң аясында шешім қабылдауға дайынбыз.