Аудан әкімі Н. Тұрсынқанұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Аудан әкімі Н. Тұрсынқанұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Аудан әкімі Amanat партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға барлығы 3 азамат жазылып, әрқайсысының көтерген мәселесі мұқият қаралып, назарға алынды.

Кездесу барысында Автобекет маңындағы дүнгіршектердің орнына заманауи павильон салу мәселесі, наубайхананың су жүйесін қалыпқа келтіруге қолдау көрсету және демалыс күндері дәріхана мен дүкендердің жұмыс істеу тәртібі бойынша сұрақтар талқыланды.

Әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті бөлім басшыларына заң аясында нақты шаралар қабылдап, жүйелі қолдау көрсетуді тапсырдым.

Халықпен ашық, тиімді әрі жүйелі диалог орнату – біздің жұмысымыздың басты ұстанымы.
Тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтініші – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам.