Көкпекті ауданында «Некеге мәжбүрлеу мен қалыңдық ұрлаудың құқықтық салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Көкпекті ауданында «Некеге мәжбүрлеу мен қалыңдық ұрлаудың құқықтық салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастыруымен «Некеге мәжбүрлеу мен қалыңдық ұрлаудың құқықтық салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, некеге мәжбүрлеу мен қалыңдық ұрлау сияқты заңға қайшы әрекеттердің құқықтық жауапкершілігін түсіндіру, сондай-ақ қоғамда отбасы құндылықтарын нығайту болып табылады.

Дөңгелек үстелге «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі жетекшісі А. Толешова, Көкпекті ауданының полиция бөлімі қызметкері және ауданның белсенді жастары қатысты.

Кездесу барысында спикерлер аталған құқық бұзушылықтардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды заңды құрметтеуге, саналы әрі жауапты азамат болуға шақырды. Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында өзекті сұрақтарын қойды.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.