
Аудан әкімі Н. Тұрсынқанұлы Рамазан айы қарсаңында ауданымыздың имамдарын қабылдап, алдағы айға жоспарланған рухани-тәлімдік іс-шараларды жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында аудан әкімі ауыл имамдарымен бірге қоғамдағы өзекті мәселелерге ерекше тоқталды. Атап айтқанда, нашақорлықтың алдын алу, құмар ойындарға тәуелділіктің зияны, жастар арасында ұлттық және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау бағытында бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Рамазан – сабыр мен сауаптың, мейірім мен қайырымдылықтың айы. Осы айды пайдалана отырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында бірқатар нақты шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Қоғамдағы тәрбие мен бірлік – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Дін мен дәстүр үндестігі арқылы ауданымызда тұрақтылық пен татулықты нығайта береміз.