Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық отырыс өтті.

Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық отырыс өтті.

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аппарат отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мемлекеттік мекемелер басшылары, партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыста аудан дамуы үшін маңызды бірқатар өзекті мәселелер қаралды:
1. Өңірлік жұмыспен қамту картасының 2026 жылға бекітілген жоспар тапсырмасы. 2.Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтардың өтініштерінің орындалу барысы және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы.
3.Елді мекендер аумағындағы пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша атқарылған жұмыстар.
Сонымен қатар, аудандық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Е. Рамазанов әскерге шақыру науқанының барысы туралы ақпарат беріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Әскерге шақыру жұмыстарының сапалы әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуі бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.
Ауданымыздың даму қарқынын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру және әрбір мәселені дер кезінде шешу – ортақ жауапкершілігіміз.

Бірлігіміз бекем, жұмысымыз нәтижелі болсын!