
Көкпекті ауылының «Аламан» базары аумағында өткен Шұғылбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өтті.
Жәрмеңкеде тұрғындар үшін қолжетімді бағамен сиыр еті, қой еті, балық, сүт өнімдері, шұжық түрлері мен көкөністер ұсынылды. Табиғи әрі сапалы өнімдерге халық тарапынан сұраныс жоғары екенін байқадық. Бұл – жергілікті тауар өндірушілердің еңбегіне деген сенімнің белгісі.
Мұндай жәрмеңкелер әр апта сайын сенбі күндері осы орында тұрақты түрде өткізілетін болады. Сонымен қатар, басқа ауылдық округтерден келген кәсіпкерлерге де өз өнімдерін еркін саудаға шығаруға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл – ауыл кәсіпкерлері үшін табыс табуға, ал тұрғындар үшін тиімді бағада өнім алуға үлкен мүмкіндік.
Бұл бастаманың басты мақсаты:
🔹 азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
🔹 жергілікті тауар өндірушілерді қолдау;
🔹 тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету.
Ауданымызда әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық белсенділікті арттыру бағытындағы мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірлігіміз бекем, берекеміз арта берсін!