
Аудан әкімінің қабылдауында аудан аумағында тау-кен өндірісімен айналысып жатқан «Eastern Gold» компаниясының директоры Резник Владимир Сергеевич болды.
Кездесу барысында кәсіпорынның биылғы жылға арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта жергілікті кадрларды тарту, өндіріс көлемін ұлғайту және әлеуметтік жауапкершілік аясындағы жұмыстарды күшейту бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.