
Аудан әкімінің қабылдауында республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолының құрылысымен айналысып жатқан қытайлық «Син Синь» компаниясының өкілдері болды.
Кездесу барысында компанияның 2026 жылға аудан аумағында жоспарлаған жұмыстары, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар жобалар талқыланды. Алдағы кезеңде өзара тиімді ынтымақтастық орнату, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.