
Аудан әкімі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалының директоры Мейіржан Бауыржанұлымен және мекеме инженері Курманғалиев Жасұланмен кездесті.
Кездесу барысында аудан аумағында жүргізіліп жатқан жол құрылыстарының сапасы, құрылыс барысында қойылатын талаптар және сапаны қатаң бақылауда ұстау мәселелері талқыланды.
Жол сапасы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен күнделікті өмір сапасының маңызды көрсеткіші. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.