Қабылдау барысында аудан аумағында бұрын қызмет еткен колледждің жұмысын қайта жандандыру мәселесі жан-жақты талқыланды. Аудан ауыл шаруашылығы бағытындағы өңір болғандықтан, мұндай оқу орны жергілікті жастарды қажетті мамандықтармен қамтуда және білікті кадрлар даярлауда ерекше маңызға ие.
Колледж қызметін қайта жандандыру жастардың өз ауданында білім алып, туған өлкенің дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тиісті ұсыныстар жан-жақты қарастырылатын болады.
