Аудан әкімінің жеке қабылдауында модульді қазандық жобасын әзірлеумен айналысатын сала мамандарын қабылдады.

Қабылдау барысында аудан орталығы - Көкпекті ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге арналған модульді қазандық салу мүмкіндігі жан-жақты қарастырылды. Кездесу кезінде аталған жобаның техникалық ерекшеліктері, экономикалық, тиімділігі, тұрғын үйлерді тұрақты әрі сапалы жылумен қамту мәселелері, сондай-ақ жобаны кезең-кезенімен іске асыру жолдары талқыланды. Мамандар тарапынан ұсынылған жобалық шешімдер тыңдалып, алдағы уақытта тиісті есеп-қисаптар мен құжаттарды әзірлеу қажеттілігі атап өтілді. Аталған жоба жүзеге асқан жағдайда, аудан орталығындағы тұрғын үйлердің жылу жүйесінің сенімділігі артып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы
уақытта да тисті бақылауда болып, кезең-кезенімен қарастырылатын болады.