
Аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы ауданның білім беру мекемелері басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Ринат Араратұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар білім беру саласындағы бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда:
білім сапасын арттыру;
білім беру мекемелерінің жай-күйі;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері қаралды.
Білім саласын дамыту — болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына тікелей әсер ететін маңызды бағыт.
Аталған мәселелер алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.