
Аудан әкімі сыртқы жарнама саласында қызмет көрсететін «Слон» компаниясының басшысы Нұрлыбек Русланұлын қабылдады.
Аталған компания сыртқы жарнама орналастырумен
қатар, баспа өнімдерін дайындау, жарықтандыру жүйелерін орнату, ЛЭД экрандарды іске қосу және
баннерлер басып шығару бағытында жұмыс атқарады.
Қабылдау барысында Нұрлыбек Русланұлы аудан
аумағында өз компаниясының филиалын ашып, жергілікті турғындарға қызмет көрсетуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл бастама ауданымызда қызмет
көрсету саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.
Аудан әкімі бұл бастаманы қолдайтынын айтты, заң шеңберінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.