Көкпекті полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

Көкпекті полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

Бүгін аудан активіне аудандық полиция бөліміне жаңадан тағайындалған басшы, полиция полковнигі Кабитаев Айдын Саулебекұлын таныстырдым.

Айдын Саулебекұлы — ішкі істер саласында мол тәжірибесі бар, жауапты қызметтерде еңбек етіп, кәсіби біліктілігін дәлелдеген білікті басшы.

Кездесу барысында жаңа басшыға ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындармен тығыз байланыс орнату бағытындағы міндеттерге ерекше назар аудару қажеттігін атап өттім.

Айдын Саулебекұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік, ел тыныштығы жолындағы қызметіне табыс тіледім.