
Жақында екі пәтерлі тұрғын үйдің, шатырынан өрт
шығып, салдарынан екі отбасының да баспанасының шатыры толықтай жанып кетті.
Осы қиын сәтте ауыл азаматтары үнсіз қалмай, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Ерболат Көкенов пен Жандос Камзин бастаған ауыл жастары белсенділік танытып,
тұрғындар арасында ұйымдастырылған қолдау шарасы нәтижесінде біраз қаражат жиналды. Бұл көмек толықтай зардап шеккен екі отбасыға табысталды.
Бүгін осы игілікті іске мұрындық болып, ерекше
жанашырлық көрсеткен Ерболат пен Жандосқа алғыс
хат табысталды.
Бірлігіміз бекем, елдігіміз еңселі болсын!