
Бүгін аудандық әкімдіктің, мәжіліс залында аппарат отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мемлекеттік мекемелер басшылары, сондай-ак, партия мен БАҚ, өкілдері қатысты.
Отырыста келесі маңызды мәселелер қаралды:
1. Нысаналы пайдаланбаған жер телімдерін мемлекеттік қорға қайтару және заңсыз жер телімдерін пайдаланып жатқан тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар туралы.
2. 2025 жылдың негізгі капиталға инвестициялар көлемі көрсеткіштерінің қорытындылары туралы.
3. 2025 жылы Көкпекті ауданының №1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің атқарылған жұмыстары және жетістіктері туралы. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы.
4. Көкпекті аудандық ұлттық спорт орталығының атқарылған жұмыстары туралы.
5. 2025 жылдың салық түсімдерінің орындалуы және 2026 жылға жоспарлар туралы.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Ауданымыздың даму қарқынын сақтау және күшейту - ортақ міндетіміз