Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  сайланған әкімге куәлік тапсырды

     

              2025 жылғы 26 желтоқсанда Көкпекті ауданының аудан активінің кеңесі өтті, онда Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Оразханов сайланған әкім Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаевқа куәлік табыс етті. Көкпекті ауданы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.

Нұрбек Қошқарбаев 1979 жылы 5 маусымда Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.

Семей қаласында мұғалім, директордың орынбасары және мектеп директоры болып жұмыс істеді, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданындағы мектепті басқарды. Кейін мемлекеттік қызметке ауысты.

Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Әр жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының бас маманы және бейінді бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеді. Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары және аппарат басшысы болды.

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап осы уақытқа дейін, Бесқарағай ауданын әкімі болған.

Абай облысының "АMANAT" партиясы ұсынған.

 Көкпекті ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы