Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін игеруде! Сақ болыңыздар!

Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін игеруде!  Сақ болыңыздар!

Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін игеруде!

Сақ болыңыздар!

 

            Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейе түсуде. Алайда, мұнымен қатар интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың түрлі әдіс-тәсілдері де қарқынды даму үстінде. Сіздерді аса сақ болуға шақырамыз – алаяқтар жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, бейнелер, аудиожазбалар және адамдардың бет-әлпеті мен дауысын дәл беретін кескіндер жасайды. Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) төмендегілерді ескертеді:

  • Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды;
  • БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін өтемақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады; 
  • Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады; 
  • Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді;
  • Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, ол оның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады.

Күмәнді қоңырау, хабарлама немесе хат түскен кездегі сіздің әрекеттеріңіз: 

  • Байланысты дереу тоқтатыңыз.
  • Байланысқа шыққан тұлға туралы ақпаратты (хат-хабарлардың скриншоттарын, телефон нөмірлерін, электрондық мекенжайларды, сайттарға сілтемелерді және өзге де деректерді қоса) белгілеп алыңыз.
  • Ақпаратты нақтылап, одан әрі қажетті шараларды қабылдау үшін құқық қорғау органдарына немесе тиісті ұйымның (банктің, байланыс операторының және т. б.) қолдау қызметіне хабарласыңыз.

БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер. 

 

 Барлық сауалдарыңызға жауап алып, зейнетақы жинақтарыңыздан төлем алу және аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

  • kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
  • байланыс орталығының 1418 көп арналы тегін байланыс нөміріне қоңырау шалу жолымен немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,
  • БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз.

 

Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.

Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).