Құрметті жерлестер!
Биылғы жаздың басында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымыздың елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Үлгілі ауыл» аудандық байқауы жарияланған болатын.
Маусым айында аудан әкімінің өкімімен байқаудың ережесі және жұмыс тобы бекітілді. Арнайы құрылған топ барлық ауылдық округтерге барып, келесі көрсеткіштер бойынша бағалау жүргізді:
• Отырғызылған көшеттер саны және күтімі
• Мекеме, дүкен, тұрғын үйлер мен қоршаулардың көрінісі, түнгі жарықтандыру
• Жолдардың сапасы мен көше тазалығы
• Көшелердің жарықтандырылуы
• Шағын архитектуралық нысандар мен демалыс алаңдарының жағдайы
• Қоқыс полигондары мен тұрмыстық қалдықтарды шығару тәртібі
• Көше бойындағы бағаналар мен үгіт-насихат материалдарының жай-күйі
Айта кетейін, биыл байқауға Көкпекті ауылдық округі қатыстырылған жоқ.
Бүгін аудандық жұмыс тобының мүшесі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы байқау қорытындысын ұсынып, аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы үздік ауылдарды марапаттады.
🏆 Жеңімпаздар:
1️⃣ Теректі ауылдық округі – 20 млн тг
2️⃣ Тассай ауылдық округі – 10 млн тг
3️⃣ Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі – 5 млн тг
Бұл байқау алдағы жылдары да дәстүрлі түрде өткізіліп, 2026 жылдан бастап «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» және «Үлгілі мекеме» номинациялары қосылады.