Мемлекеттік қызметші мамандығын насихаттау мақсатында жастармен кездесу өтті

Мемлекеттік қызметші мамандығын насихаттау мақсатында жастармен кездесу өтті

«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасына сәйкес 2025 жылғы 25 маусымында Көкпекті ауданының әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметші мамандығын насихаттау мақсатында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға колледж және ЖОО студенттері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің құрылымы, оған кіру тәртібі, Президенттік жастар кадрлық резерві және мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Қатысушылар мемлекеттік қызметке байланысты сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
Іс-шара жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруға және олардың болашақ кәсіби бағытын таңдауға ықпал етті.