eGov.kz порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

eGov.kz  порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

eGov.kz  порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу үшін: eGov.kz  порталында авторизациядан өтіңіз. Басты бетте «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Коммуникациялар» бөлімін таңдаңыз. Келесіде «Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.  ЖСН-ді енгізіңіз және тізімнен сұрағыңыз келетін ақпаратты таңдаңыз, содан кейін қызметке қол қойып, анықтама алу батырмасын басыңыз. Қызмет көрсету нәтижесі eGov.kz  порталының жеке кабинетінде пайда болады.