Халықаралық балалар күні - балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау мәселелеріне назар аударуға арналған халықаралық мереке.
Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды. Осы мерекеге орай Тассай ауылдық округінде балалар күніне арналған "Бала тілі бал" атты мерекелік іс шара өтті. Балалар концерт тамашалап, түрлі ойындар ойнап, соңында конфет, балмұздақ таратылды.