
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Преображенка ауылында мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Сайлауғазыұлы мен округ әкімі Ержан Ниязбекович қатысып, бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ мерекелік концерт, көңілді ойындар ойнатылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды.