Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз

Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз

Кеңгірбай би ауылдық округінде жер ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданатын Ұлыстың Ұлы күніне орай “Армысың, әз Наурыз” атты мерекелік іс шара өтті.
Ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздарының театрландырылған қойылымымен қоса мерекелік бағдарламаларымен бастау алды.
Ауыл әкімі Дархан Амангелдіұлы жиылған жұртшылықты тіршіліктің бастауы саналатын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Биыл философ, ағартушы, аудармашы, композитор, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Абай мұрасы біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай атамыздың тойының бастамасы ретінде ашық аспанымызға  шарлардың ұшырылуына көрермендер куә болды.

Шара Шәкерім атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектерінің демеушілігімен өткен ұлттық спорт ойындарымен жалғасын тапты. Атап айтқанда аударыспақ, тай жарысы, қол күрес(әйел және ерлер арасында),арқан тартысы сайыстарының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, ақшалай сертификаттар табысталды.

Ауыл әкімшілігі, Шәкерім атындағы орта мектеп ұжымы және ауыл азаматтарының бастамасымен тігілген киіз үйлерде мерекелік дастархан жайылды, келген қауым наурыз көжеден дәм татты және биылғы жылғы Наурыз мерекесімен тұспа тұс келген мың айданда қадірлі Рамазан айында ауыл азаматтары ораза ұстаған жамағатқа ауыз ашар берді.


Жер – ана ұйқысынан оянып, күн мен түн теңелентін халықтық мереке елімізге, әрбір шаңыраққа бірлік, құт-береке әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!