
Құрметті Кеңгірбай би ауылының тұрғындары мен қонақтары!
19-20 шілде күндері ауыл азаматтарының бастамасымен дәстүрлі IV “Туған жерге туыңды тік” атты Ауыл күні жоғары деңгейде өтті! 🇰🇿🎉
🏇 Ұлттық спорт түрлері
🤼 Қазақ күресі, қол күрес
🏃♂️ Жаяу жарыс
✂️ Қой қырқу мен сиыр сауу жарыстары
⚽ Кіші футбол — бәрі ауыл тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды!
🥇 Жеңімпаздарға — сертификаттар, ақшалай және бағалы сыйлықтар!
📿 Кеңгірбай би Жандосұлына және өмірден өткен ауылдастарға Құран бағышталып, қатым түсірілді.
🎁 Ауыл тұрғындарына арналған тегін лотерея:
🛋️ Тұрмыстық техника
🏖️ "Сарыағаш" шипажайына (экскурсиямен: Ташкент, Самарқанд, Түркістан)
🌊 "Алакөлге" жолдамалар!
Ұйымдастыруға атсалысқан барлық ауыл азаматтарына үлкен алғыс!