9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында «Bereke bank»АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, олардың ерлігі мен бейбіт болашаққа қосқан үлесі үшін зор ризашылығын білдірді.
Корпоративтік бастама аясында банк өкілдері ардагерлердің үйлерінде болып, естелік сыйлықтар, гүлдер табыстап, материалдық қолдау көрсетті. Майдангерлердің отбасыларына да ерекше көңіл бөлінді.
«Bereke bank» АҚ Ұлы Жеңіске үлес қосқан барлық ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілейді.