Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс ұзарту туралы ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс ұзарту туралы  ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін

мемлекеттік гранттар беруге конкурс ұзарту туралы

ХАБАРЛАМА

 

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Абай обылысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Семей қаласы, Момышұлы 25

Байланыс тел.: +7(771) 905-77-77 (Мурат), 8 (705)530-51-73 (Әзіз),       Конкурстың мәні:  Мемлекеттік гранттар «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта бизнес субъектілеріне және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, қайтарымсыз беріледі.

Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін. 

Бюджет: 30 млн. теңге.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін  үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.Kezekte.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2024 жылғы
«10» желтоқсаннан бастап, 2024 жылғы «10» желтоқсанды қоса алғанда.

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының белгіленген шарттарына сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik

инстаграм: abai_kasipker.

Сондай-ақ, қызығушылық тудырған барлық мәселе бойынша келесі мекенжайларға өтініш жасауға болады:

«Абай обылысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, мекенжайы: Семей қаласы, Момышұлы көшесі, 25, тел. +7(771) 905-77-77 (Мурат), 8 (705) 530-51-73 (Әзіз);

 

Кәсіпкердің «Kezekte.kz» веб-порталы арқылы

электрондық өтініш беру тәртібі

 

«Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

2) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

3) ЖК/ШҚ екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

 

Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады.

 

«Kezekte.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:

  1. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:

1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

  1. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама және (немесе) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлға/жеке кәсіпкер қызметінің түрлері туралы, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық кезеңдері туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар-жоғы туралы, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.
  2. Веб-портал арқылы тізілім деректерін қолжетімді ету үшін (бұдан әрі – жеке кабинет):

1) кәсіпкерлер, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздері тіркелу үшін олардың ЭЦҚ болуға тиіс;

2) көрсетілетін қызметтерді берушіге өңірлік үйлестіруші ЭЦҚ бар жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімдерін жыл сайын жібереді

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.