Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.

Мемлекет Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексте көзделген негіздерде, шарттарда және шектерде жер қойнауын пайдалануға береді.

Жеке және заңды тұлғалардың жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзатын іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Осыған байланысты қазіргі уақытта пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мәселесі ерекше бақылауда.

Осы мақсатта құрамына мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар кіретін жұмыс тобы құрылды.

Осылайша, жұмыс тобы заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы сақтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылданды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.