Абай облысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің назарына!

Абай облысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің назарына!

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Абай облысының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органымен әкімдіктің ресми сайтында әлеуметтік кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырғанын хабарлайды. Бұл мәртебені тек әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар ала алады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2023 жылдың, желтоқсан айының 4 мен 15 (қоса алғанда) аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Семей қаласы, Уранхаева, 1/1.
‼️Толық ақпаратты 8 771 905 77 77 ( Мурат Балтабекұлы), 8 707 573 14 35 (Алинура Айдынқызы) телефондары арқылы білуге болады.