ҚХР СУАР ірі компаниялары Абай облысымен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді

ҚХР СУАР ірі компаниялары Абай облысымен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді

Өңір әкімі Нұрлан Уранхаев бастаған Абай облысының делегациясы СУАР ірі өнеркәсіп орталығы-Үрімші қаласына барды. Сапар аясында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері және басқарма басшылары өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективаларын және инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады.

🔝Сапар аясында "Сан Бао" Шыңжаң сауда-өнеркәсіп корпорациясы " ЖШС ірі компаниясының басшыларымен кездесу өтті. Бұл корпорация Қытайдағы экспорттық-импорттық сауда, Шетелдегі құрылыс нысандарында мердігерлік, өндіріс және өңдеу, қойма және логистика, туристік сауда қызметтерін ұсынатын ірі сауда кешендерінің бірі болып табылады.