Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Еуропалық Қайта Құру және даму банккімен (бұдан әрі-ЕҚДБ) бірлесіп Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Еуропалық Қайта Құру және даму банккімен (бұдан әрі-ЕҚДБ) бірлесіп Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
📚ЕҚДБ сарапшылары шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының мүмкіндіктері, соның ішінде әйелдер бизнесіне арналған арнайы өнімдер туралы айтты. Компаниялар онлайн-дүкенді дамыту, бизнесті автоматтандыру, маркетингтік стратегияны әзірлеу, сату бөлімін реинжинирингтеу және т.б. сияқты бизнес мәселелерін шешуге көмектесетін кеңесшілерді тарту үшін грант ала алады. Сонымен қатар ЕҚДБ кеңесшілерді таңдауға көмектеседі және бүкіл кеңес беру жобасы бойынша бизнесті сүйемелдейді. Кәсіпкер әйелдер кәсіпкерлік қабілетін арттыруға арналған тренингтерге және менторинг бағдарламаларына қатыса алады.
🔍ЕҚДБ-мен жұмыс істеу тәжірибесімен «Адал-Ас» компаниясының, «Адал Фарм» супермаркеттер желісінің және «Академик» білім беру орталығының басшылары бөлісті.