«Семей машина жасау зауыты» АҚ-да кәсіпорынның қызметімен танысу

12 қантарда Абай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің және машина жасау комитетінің төрағасы А. М. Рахымжанов және Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриальды-инновациялық даму басқармасының басшысы
Р.Н. Ворошилов «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да болып, қандай да бір жекелеген түсіру тетіктерін қолданбай, жартылай вагоннан сусымалы жүктерді түсіруге арналған жартылай жүк вагонының люк қақпақтарын дайындау жөніндегі кәсіпорынның қызметімен танысты.