
ХАБАРЛАНДЫРУ
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс туралы ХАБАРЛАМА
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 97.
Байланыс телефондары: +7 (705) 530-51-73 (Әзіз), +7 707 977 0790 (Азамат)
Конкурс мәні:
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Грант мөлшері: 5 млн теңгеге дейін
Бюджет: 116,3 млн теңге
Конкурс құжаттамасын ұсыну тәртібі:
Қатысу үшін үміткерлер электрондық үкімет порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурс құжаттарының толық пакетін электрондық түрде ұсынады.
Өтінімдер мына сілтеме бойынша қабылданады: https://www.Kezekte.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 19 қазаннан бастап 23 қазан аралығында (қоса алғанда).
Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Маңызды ескерту:
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, егер кәсіпкер толық емес құжаттар пакетін тапсырса немесе сенімсіз мәліметтер берсе, сондай-ақ нысандарға сай келмейтін құжаттарды ұсынса, өңірлік үйлестіруші нақты кемшіліктер көрсетілген түрде құжаттарды кері қайтарады.
Кәсіпкер оларды өтінім қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта тапсыруы тиіс.
Хабарландыру мына ресурстарда жарияланады:
· https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik
· Инстаграм парақшасы: @abai_kasipker
Қосымша ақпарат алу үшін жүгінуге болады:
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Мекенжайы: Семей қ., Абай көшесі, 97
Тел: +7 (705) 530-51-73 (Әзіз), +7 707 977 0790 (Азамат)
Kezekte.kz веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі
Тіркелу үшін көрсетілетін деректер:
· Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, ТАӘ
· Заңды тұлғалар үшін: БСН, ұйым атауы, басшының ЖСН, ТАӘ
· Байланыс деректері (мекенжай, телефон, эл. пошта)
· Екінші деңгейдегі банктегі шот деректері
Қатысушылар:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын ШОК субъектілері.
Қажетті құжаттар (PDF форматында):
1. Жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама (басшының қолы және мөрі)
2. Кемінде 20% теңгеге тең қаржылық/материалдық қосымша қаржыландыруды растайтын құжаттар
3. Әлеуметтік кәсіпкерлік немесе «Бір ауыл – бір өнім» финалисті мәртебесін растайтын құжат
4. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, салық және басқа да қарыздар туралы ақпарат автоматты түрде жүйеден алынады
Маңызды талаптар:
· Бір кәсіпкер тек бір өтінім бере алады
· Қажет болған жағдайда кәсіпкер өтінімді кері қайтарып, себеп көрсете отырып қайта тапсыра алады
· Өңірлік үйлестіруші өтінімнің қабылданғанын 4 жұмыс күні ішінде растауы тиіс (ЭЦҚ арқылы)
· Кәсіпкер өз бизнес-жобасын байқау комиссиясы алдында жеке түрде немесе онлайн форматта таныстыруы керек
· Үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады
· Бизнес-жоба таныстырылымы аудио немесе бейнежазбаға жазылады
· Кемінде 2 бақылаушы қатысады (мысалы, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар)
Бақылаушылардың құқығы:
Олар кәсіпкерлерге сұрақ қоя алмайды, конкурс барысына кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілмейді. Персоналдық деректерді жария етуге, бейнетүсірілім жасауға тыйым салынады.
Ережеге сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000754#z2389