Бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні»
2025 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 10:00-де Абай облысы әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді.
Іс-шара мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын арттыруға және кәсіпкерлермен өзара диалогты нығайтуға бағытталған.
Кездесу барысында бақылау-қадағалау органдары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, кәсіпкерлермен бизнесті жүргізудің өзекті мәселелерін және мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылайды.
Өтетін орны: Семей қ., Абай көшесі, 86, Абай атындағы әмбебап кітапханасының акт залы.