Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс мерзімінің ұзартылуы туралы
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 97.
Байланыс телефондары: +7 (771) 905-77-77 (Мурат), 8 (707) 977-07-90 (Азамат)
Конкурс мәні:
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Грант мөлшері: 5 млн теңгеге дейін
Бюджет: 55 млн теңге
Конкурс құжаттамасын ұсыну тәртібі:
Қатысу үшін үміткерлер электрондық үкімет порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурс құжаттарының толық пакетін электрондық түрде ұсынады.
Өтінімдер мына сілтеме бойынша қабылданады: https://www.Kezekte.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 1 шілдеден бастап 5 шілде аралығында (қоса алғанда).
Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Маңызды ескерту:
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, егер кәсіпкер толық емес құжаттар пакетін тапсырса немесе сенімсіз мәліметтер берсе, сондай-ақ нысандарға сай келмейтін құжаттарды ұсынса, өңірлік үйлестіруші нақты кемшіліктер көрсетілген түрде құжаттарды кері қайтарады.
Кәсіпкер оларды өтінім қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта тапсыруы тиіс.
Хабарландыру мына ресурстарда жарияланады:
Қосымша ақпарат алу үшін жүгінуге болады:
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Мекенжайы: Семей қ., Момышұлы көшесі, 25
Тел: +7 (771) 905-77-77 (Мурат), 8 (707) 977-07-90 (Азамат)
Тіркелу үшін көрсетілетін деректер:
Қатысушылар:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын ШОК субъектілері.
Қажетті құжаттар (PDF форматында):
Маңызды талаптар:
Бақылаушылардың құқығы:
Олар кәсіпкерлерге сұрақ қоя алмайды, конкурс барысына кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілмейді. Персоналдық деректерді жария етуге, бейнетүсірілім жасауға тыйым салынады.
Ережеге сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000754#z2389