«Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алу » тақырыбында тренинг өтті

«Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алу » тақырыбында тренинг өтті

«Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алу » тақырыбында тренинг өтті

Абай облысының ішкі саясат басқармасының « Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алу » жобасын іске асыру шеңберінде «Отбасы орталығы» Қоғамдық қоры арнайы тренинг өткізді.

Тренингтің басты мақсаты: зорлық – зомбылықтың алдын – алу , жолын кесу және осындай қылмыс түрлеріне бейім тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыс бойынша қабылданатын шаралармен таныстыру, түсіндіру.

Іс-шараға Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемағұлов, Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің қылмыстық – құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айбек Сейданов және Абай облысы полдиция департаментінің қызметкерлі, білім беру мекемелерінің психолог мамандары қатысты.

- Зайырлы елде әр адам тең құқылы десек, отбасы мен қоғамда ер мен әйел теңдігі бұзылмас қағида болуы шарт. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: « Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» аты жолдауында қоғамдағы зорлық- зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Осы бағытта Абай облысында кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі семинарда зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында өз септігін тигізеді деген ойдамын, - деді тренингте Арман Жемағұлов.

Отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық – зомбылық фактілерін болдырмау тренингтегі негізгі сұрақтарының бірі болды. Сондай – ақ жиында модератор мен спикерлерден бөлек қатысушыларда өз пікірлерін ортаға салып, тақырыпты кеңінен талқылады.