Семей қаласында «Этносаралық саладағы медиация» тақырыбындағы облыстық оқыту семинар-тренингі аяқталды. Екі күндік шараға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат саласының мамандары, этномедиаторлар мен Достық үйлерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар этносаралық жанжалдардың алдын алу, медиативтік тәсілдерді қолдану және келіссөз жүргізу бағытында тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шараға республикалық деңгейдегі сарапшы, «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы» ҚБ директоры Мұхтар Адаев қатысып, этномедиация саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталып, белсенді мамандар марапатталды.
Семинар 2024 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және өз нәтижесін көрсетуде.