Алғыс – қоғамның тірегі

Алғыс – қоғамның тірегі

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Алғыс айту күніне орай Абай облысының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Алғыс – қоғамның тірегі» атты мерекелік концерт өтті. Концертке өңірдің қоғам өкілдері, еңбек ұжымдары, жастар және шығармашылық зиялы қауым қатысты.

Концерт аясында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, онда дәстүрлі өнер мен авторлық жұмыстар кеңінен таныстырылды. Көрме мерекелік бағдарламаны мазмұнды толықтырып, мәдени құндылықтардың байлығын айқындады.

Концерттік бағдарлама қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, өзара құрмет пен ризашылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Сахна төрінде ұстаздарға, дәрігерлерге, әскери қызметкерлерге, ата-аналарға және ел дамуына үлес қосып жүрген барша жандарға арналған патриоттық және лирикалық шығармалар орындалды.

Мерекелік концерт өңірдің қоғамдық-мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, қоғамдағы сыйластық, өзара қолдау және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.