Абай облысында Ассамблея жастарының қатысуымен конституциялық реформалар талқыланды

Абай облысында Ассамблея жастарының қатысуымен конституциялық реформалар талқыланды

Шәкәрім университетінде Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның өзекті мәселелерін талқылауға арналған «Ассамблея жастары» өкілдерінің диалог алаңы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ашық пікір алмасу мәдениетін дамыту және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту болды.

Кездесу барысында «Шаңырақ» студенттік ассамблеясының төрағалары мен «Ассамблея жастарының» өкілдері баяндама жасап, конституциялық реформаның мазмұны мен маңызына тоқталды.

- Жиынға қатысушылар жаңа өзгерістерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. «Болашақ – жастардың қолында» деген ұстаным аясында Конституцияның жастарға берер мүмкіндіктері, олардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі кеңінен талқыланды.Бұл басқосу – жай ғана ақпараттық кездесу емес, жастардың азаматтық ұстанымын айқындайтын, ел болашағына бейжай қарамайтын буынның көзқарасын білдіретін маңызды диалог алаңы, - деп атап өтті Шәкәрім университетінің жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы Арайлым Оразгалиева

Қатысушылар жаңа Конституция жобасының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі әдіскері, «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясының төрағасы Айым Рысбек жастар арасында демократиялық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті арттыруға арналған шаралардың маңызын ерекше атап өтті.

- Кездесу барысында жастарға конституциялық реформаның маңыздылығы, оның Қазақстанды одан әрі дамытудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, жастардың әлеуетін арттыру және белсенділігін күшейту мақсатында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, белсенділік танытты,- деді Айым Рысбек.