
Абай облысының ішкі саясат басқармасының және Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен қазан айында Семей қаласы мен Бесқарағай, Жаңасемей аудандарында арнайы жұмыс сапары аясында бірнеше кездесулер мен мониторинг жұмыстарын өткізді.
Атап айтқанда, этносаралық салада жанжалды жағдайларға жол бермеу, этносаралық қатынастардың жағдайы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында терроризмге қарсы комиссия мүшелеріне әдістемелік ұсынымдар беріліп, тестілеу өткізілді. Жергілікті атқарушы органдардың негізгі бағыттары, жүзеге асып жатқан жобалары және алдағы жоспарлары талқыланды.