Этносаралық келісім мен мемлекеттік рәміздерге мониторинг

Этносаралық келісім мен мемлекеттік рәміздерге мониторинг

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Назерке Аққожина, Абай облысы ҚХА хатшылығы мен этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімінің басшысы Мағжан Құрманов және Қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімінің бас маманы Аманбек Жүнісов 24-26 қыркүйек күндері Мақаншы, Үржар және Аягөз аудандарында арнайы жұмыс сапары аясында бірнеше кездесулер мен мониторинг жұмыстарын өткізді.

Атап айтқанда, этносаралық салада жанжалды жағдайларға жол бермеу, этносаралық қатынастардың жағдайы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында терроризмге қарсы комиссия мүшелеріне әдістемелік ұсынымдар беріліп, тестілеу өткізілді. Сондай-ақ, әкімдік пен тиісті бөлімдердің, құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің және басқа мемлекеттік органдардың ғимараттарында орналасқан мемлекеттік рәміздердің жай-күйі мен қолданыстағы заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізілді. Анықталған кемшіліктерге тиісті сараптама жүргізілетін болады.