№2 Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Абай облысы ішкі саясат басқармасы» ММ өңірлік деңгейде РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР, ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР және БАСПА БАСЫЛЫМДАРЫ (газет) арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, 2 қабат, №244 кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2026 жылғы 10 ақпан күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Абай облысы Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, мекенжайы бойынша 2026 жылғы 11 ақпан күні сағат 15:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349