«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Бұл шараның басты мақсаты – тек қалалар мен ауылдарды емес, табиғи орта мен мәдени ескерткіштерді де таза ұстау. Акцияға қатысушылар саябақтар, көшелер және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, айналаны таза ұстауға, көгалдандырып, табиғатты қорғауға атсалысады.
Жаңақорғанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шарасына көптеген тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысып, бірлесіп аумақты тазалауға күш салуда. Әсіресе, жастардың белсенділігі ерекше байқалады. Мұндай акциялар тек экологияны жақсартумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға және болашақ ұрпаққа табиғатты таза күйде қалдыруға үлкен үлес қосады.