Абай облысында техникалық қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын сарапшылардың инжинирингтік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша жиналыс

Абай облысында техникалық қадағалау  қызметтерін жүзеге асыратын сарапшылардың инжинирингтік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша жиналыс

2026 жылғы 7 сәуірде Абай облысының МСҚБ басқарма басшысы С. Байназаров төрағалығымен Абай облысында техникалық қадағалау
қызметтерін жүзеге асыратын сарапшылардың инжинирингтік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында 2026 жылы 1-шілдеде күшіне енетін жаңа Құрылыс Кодексін талқылау жүргізілді. Техникалық қадағалау сарапшыларының бірқатар сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, өз қызметін жүзеге асыру және ай сайынғы құрылыс барысы мен орындалып жатқан жұмыстардың сапасы туралы есеп тапсыру кезіндегі техникалық қадағалау сарапшыларының жіберген бұзушылықтарының мысалдары көрсетілді.