
«Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы С. Байназаровтың қабылдауында Жаңа ауыл көшесі, № 3 корпус бойындағы Семей қаласының тұрғындары болды. Бұл үйдің құрылыс салушысы «Baes.ltd» ЖШС.
Шағымдар:
Қойылған мәселелер тұрғындар мен құрылыс салушы арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар сипатында екендігі туралы түсініктеме берілді. Сондай-ақ, аталған тұрғын үй кешенінің мәртебесі түсіндірілді. Талқылау барысында құқық белгілейтін құжаттарды белгіленген тәртіппен тіркеу мәселесі қаралды.
2026 жылдың 16 ақпанына МСҚБ басшысы С. Байназаровтың қатысуымен құрылыс салушы және тұрғындармен кездесу тағайындалды.