
Абай облысының сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров “Даму строй LTD” ЖШС-не тиесілі тұрғын үйдің пәтер иелерімен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындардың көтерген мәселелері тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр сұрақ назарға алынып, заң аясында жауаптар берілді.