Облыстың сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Абай Сайлауғалы Байназаров облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жаңасемей ауданының құрылыс объектілері бойынша мониторинг жүргізді.
Сапар барысында ол құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар нысандарға мониторинг жүргізді:
Алғабас ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;
Алғабас ауылының су құбыры желілері;
Мұқыр ауылының 2 пәтерлі үйлері;
Приречный А. 2 пәтерлі үйлер
Шақаман ауылының 2 пәтерлі үйлері
Мұқыр ауылы мектебін күрделі жөндеу
Тексеру барысында құрылыс сапасын арттыру бойынша тиісті ескертулер мен тапсырмалар берілді.