Облыстық техникалық қадағалау эксперттерімен жиын өтті

Облыстық техникалық қадағалау эксперттерімен жиын өтті

Абай облысының әкімі Б. Уәлидің хаттамалық тапсырмасы бойынша облыс аумағындағы салынып жатқан нысандарға жүргізілген жоспарлы мониторингтің нәтижелері бойынша облыстағы техникалық қадағалау сарапшыларымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында басқарма басшысы Сайлауғали Байназаров осы салада жіберілетін кемшіліктер мен орындау барысында ұшырасатын мәселелерге баса назар аударды. Атап айтқанда: жоба сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жұмыстары бөлімі орындалмаған (құрылыс ұйымдастыру жобасы, құрылыс жұмыстарының кестесі, жұмысты орындау жобасы, техникалық қауіпсіздік бұйрығы, арнайы техникалық қауіпсіздік стенді, дәнекерлеушінің куәлігі жоқ), нысанда техбақылау (технадзор) журналы жоқ, авторлық бақылау жүргізілмейді, кран астындағы және басқа құрылысшылар каска мен арнайы киім кимеген т.б.