Заңсыз салынған тұрғын үйлер туралы ақпарат

Заңсыз салынған тұрғын үйлер туралы ақпарат

  2022 жылдан бері, Басқарма заң бұзушылықпен құрылыс жүріп жатқан 15 проблемалық көпқабатты тұрғын үйді анықтады.

Барлық проблемалық тұрғын үй құрылысы Семей қаласында орналасқан.

Осындай жағдай қайталанбау мақсатында бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар құрылыс салушылармен және халық арасында «Үлестік тұрғын үй құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын (БАҚ, интернет-ресурстар және тағы басқа әдістер арқылы) жүргізеді, сондай-ақ заңсыз салынып жатқан тұрғын үйлерде пәтер сату туралы жарнамаларды мониторинг бақылау тұрақты жүргізіледі.

Облыс әкімінің өкімімен құрылған ведомствоаралық комиссия 2025 жылдың 28 мамырында отырыс жүргізіп, шешімімен өзекті үлескерлер санатында «DALA SK CONSTRUCTION» ЖШС-ң 65 үлескерлерін қалдырды.

  • 310 үлескер пәтер иелері санатына ауысты;
  • - 172 үлескер құрылыс салушылардың құжаттары бар, заң негізінде рәсімдеу мүмкіндіктері болғандықтан өзектілер категориясынан алынды.
  • Бүгінгі таңда Басқарма арызы негізінде сот органдарында 2 заңсыз құрылыс нысандары қаралуда, оның ішінде: «ASSG Consulting» ЖШС – Мамай батыр 133 мекен жайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы (қылмыстық іс жүргізілуде), «DALA SK CONSTRUCTION» ЖШС – Жібек Жолы 55 мекен жайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы (қылмыстық іс жүргізілуде). Сонымен бірге, облыс әкімі «Rain» ЖШС-ң «DALA SK CONSTRUCTION» ЖШС-ң 65 үлескерлеріне пәтер беру туралы ұсынысын қолдады.
  • Үлескерлермен тиісті жиналыс Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қатысуымен жүргізіліп, келісімдері алынды.